Дэвис Кубогы: Шевченко Кореямен кездесуде Қазақстанға алғашқы жеңіс сыйлады

Александр Шевченко

Фото: Getty Images

Оңтүстік Кореяның Чунчхон қаласында Дэвис кубогының I дүниежүзілік тобының плей-офф кезеңіндегі Қазақстан мен Корея құрамаларының матчы басталды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Алғашқы болып кортқа Александр Шевченко шығып, қарсыласы, әлемдік рейтингтің бұрынғы 19-ракеткасы Чон Хёнмен күш сынасты. Қазақстандық теннисші бір жарым сағатқа созылған ойында 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бұл – оның Қазақстан құрамасы сапындағы Дэвис кубогындағы жекелей сындардағы екінші жеңісі.

Осылайша, жалпы есепте Қазақстан 1:0 есебімен алға шықты. Келесі ойында құрама көшбасшысы Александр Бублик кортқа шығып, 2021 жылғы Astana Open турнирінің чемпионы Квон Сун Вумен кездеседі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру