Давид Лория ҚФФ-дегі қызметінен кетті

Давид Лория

Давид Лория. Фото: kff.kz

Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Давид Лория ұйымдағы жұмысын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

44 жастағы маман бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, ҚФФ президенті Марат Омаров вице-президент қызметінде қалуды ұсынған, алайда тараптардың футболды дамыту мен кейбір өмірлік құндылықтарға қатысты көзқарастары сәйкес келмеген.

«Бүгін мен Қазақстан футбол федерациясындағы жұмысымды аяқтау туралы шешім қабылдадым. ҚФФ президенті Марат Омаров вице-президент қызметін жалғастыруды ұсынды, алайда футболды дамыту және кейбір өмірлік құндылықтар жөніндегі көзқарастарымыз сәйкес келмейді», – деп жазды Лория.

Ол федерациядағы қызметі барысында маңызды жобалардың жүзеге асқанын және үлкен басқарушылық тәжірибе жинағанын атап өтті. Сондай-ақ әріптестеріне, клубтарға, өңірлік федерацияларға, бапкерлерге, футболшыларға және жанкүйерлерге алғыс білдірді.

Еске салсақ, Давид Лория 2025 жылдан бастап ҚФФ-ның бас хатшысы қызметін атқарды. Ал 2026 жылдың наурызында федерацияның вице-президенті болып тағайындалған еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
11 Сен - 12:05 Футбол
Максим Самородовтың «Спартакқа» ауысуы медициналық тексерістен кейін тоқтады
11 Сен - 10:45 Футбол
ПСЖ көш бастады, «Реал» мен «Арсенал» алғашқы ондыққа кірмеді
11 Сен - 09:15 Футбол
Стас Покатилов «Манчестер Юнайтедке» қарсы матчта капитан болып шықты
10 Сен - 12:05 Футбол
ПСЖ Чемпиондар лигасындағы жаңа маусымды ірі жеңіспен бастады
10 Сен - 09:15 Футбол
Роналду гол соқты: «Әл-Наср» кезекті жеңісіне жетті
09 Сен - 16:25 Футбол
Киву «Реалдан» жеңілгеннен кейін «Интердің» мінезін атап өтті
09 Сен - 13:45 Футбол
«Бетис» «Лилльді» жеңіп, Чемпиондар лигасын сәтті бастады
09 Сен - 12:05 Футбол
«Реал» Лига чемпиондарындағы алғашқы ойынында «Интерді» жеңді
09 Сен - 10:45 Футбол
Сатпаевсыз «Бернли» Чемпионшиптегі алғашқы жеңісіне жете алмады
09 Сен - 09:15 Футбол
«Қайрат» футзалдан Қазақстан чемпионатының жаңа маусымына құрамын жасақтады