Данилина жұптық рейтингтің үздік ондығында қалды

Анна Данилина

Анна Данилина. Фото: КФТ

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартқан жұптық рейтингтің үздік ондығынан орын алды, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Ол рейтингте 5180 ұпаймен тоғызыншы орында тұр. Бір саты жоғарыда – жақында бірге ойнаған ресейлік Диана Шнайдер (5215 ұпай). Сонымен қатар Данилина тағы бір ресейлік спортшы Вероника Кудерметованы (5075 ұпай) артта қалдырды.

Өткен аптада Анна Лондонда өткен WTA-500 дәрежесіндегі турнирге қатысты. Финалда ол Шнайдермен бірге Нидерланд елінен Деми Схурс пен АҚШ теннисшісі Айша Мухаммадтан тартысты матчта жеңіліп қалды – 5:7, 7:6 (7:3), 4:10.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 20:11 Теннис
Кукушкин Оэйраштағы «Челленджер» турнирін сәтті бастады
20 Янв - 10:02 Теннис
Елена Рыбакина Australian Open турнирін сенімді жеңіспен бастады
19 Янв - 12:31 Теннис
Зарина Дияс Australian Open-2026 турнирін бірінші айналымда аяқтады
18 Янв - 18:54 Теннис
Александр Бублик Australian Open турнирінің екінші айналымына шықты
18 Янв - 17:05 Теннис
Заңғар Нұрланұлы ITF J300 Траралгон турнирінің ширек финалына шықты
18 Янв - 15:11 Теннис
Қазақстанның Дэвис кубогындағы ерлер құрамасына жаңа капитан тағайындалды
18 Янв - 11:29 Теннис
Юлия Путинцева Australian Open-2026 турнирін жеңіспен бастады
17 Янв - 14:11 Теннис
Александр Бублик Роттердамдағы ATP-500 турниріне қатысады
15 Янв - 09:40 Теннис
Australian Open-2026: қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары белгілі болды
14 Янв - 16:11 Теннис
Анна Данилина теннистен Аустралияда өтіп жатқан ірі турнирдің финалына шығу үшін күреседі