Данилина Кливлендтегі турнирдің жартылай финалына шықты

Анна Данилина

Анна Данилина. Фото: Olympic.kz

Қазақстандық теннисші Анна Данилина WTA 250 санатындағы Кливленд турнирінде сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Сербиялық Александра Круничпен бірге жұптасып ойнаған ол ширек финалда америкалық Кармен және Ивана Корлиден құралған дуэтті 6:4, 6:7 (2), 10:8 есебімен жеңді.

Жартылай финалда Данилина мен Крунич Чехия спортшылары Анастасия Детиюк пен Мириам Скохқа қарсы ойнайды.

Айта кетейік, бұл жұп 2022 жылы да Кливлендте финалға дейін жеткен. Ал биылғы маусымда олар «Ролан Гарроста» жұптық сында финалист атанды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру