Даниил Медведев: «Алматыдағы турнирге қатысқаныма қуаныштымын»

Даниил Медведев

Даниил Медведев. Фото: Андрей Ударив

Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Даниил Медведев Шанхай турнирінен кейін Алматыға келіп, ATP 250 Almaty Open жарысына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Баспасөз-конференция барысында Медведев Алматыдағы турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл – маусым соңына дейін қатысатын соңғы үш турнирдің бірі.

«Шанхайдан кейін әрдайым бейімделу қиын, өйткені ол жақта ыстық ауа райы, ал мұнда жабық хардта ойнау керек. Денеге біраз уақыт қажет. Дегенмен, мен маусымның соңындағы турнирлердің бәрінде ойнауға шешім қабылдадым. Алматыға бейімделу жақсы өтіп жатыр. Ал ертеңгі алғашқы матчта қалай ойнайтынымызды көреміз. Жабық хардтағы алғашқы ойын әрдайым оңай болмайды», — деді теннисші.

Қазақстанға жиі келетінін айтқан Медведев Алматы турнирін үйіне ең жақын жарыстардың бірі деп бағалады:

«Маған Қазақстан ұнайды. Мұнда 6–7 рет болдым. Көбіне Астанаға келетінмін, бірақ Алматы жайлы да жақсы пікір естігем. Қалаға әлі толық танысып үлгермедім, бірақ ұйымдастырушылар тамаша жұмыс атқарған. Болашақта бұл турнирге тағы да қатысуым мүмкін», — деді ол.

Даниил Медведев турнирге алдын ала келісім бойынша қатысып отыр және жақсы нәтиже көрсетіп, рейтингтік ұпай жинауды мақсат тұтады. Ол жарысты 16 қазанда австралиялық Адам Уолтонға қарсы матчпен бастайды.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
04 Мар - 09:22 Теннис
Елена Рыбакина мен Тейлор Фритц «Эйзенхауэр кубогын» жеңіп алды
03 Мар - 11:10 Теннис
Қазақстандық теннисшілер Индиан-Уэллстегі ATP 1000 турниріндегі қарсыластарын білді
03 Мар - 09:45 Теннис
Юлия Путинцева Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турнирін Паула Бадосаға қарсы матчпен бастайды
03 Мар - 08:40 Теннис
Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турниріндегі ықтимал қарсыластарын білді
02 Мар - 15:26 Теннис
WTA жаңартылған рейтингін жариялады: қазақстандық теннисшілердің орындары
28 Фев - 12:00 Теннис
Леонардо Абоян келісілген матчтар үшін ұзақ мерзімге шеттетілді
25 Фев - 21:32 Теннис
Александр Бублик Дубайдағы ATP-500 турниріндегі жарысын аяқтады
24 Фев - 13:40 Теннис
Юлия Путинцева Меридадағы турнирдің алғашқы айналымында жеңілді
18 Фев - 19:27 Теннис
Тимофей Скатов Лилльдегі «челленджер» турнирін аяқтады
16 Фев - 15:14 Теннис
WTA Дохадағы турнирден кейінгі жаңартылған рейтингті жариялады