Бублик Қытайдағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды

Александр Бублик

Фото: Getty Images

Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ATP 250 сериялы турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Ширек финалда қазақстандық теннисші чех Далибор Сврчинаны сенімді түрде 6:1, 6:1 есебімен жеңді.

Енді финал жолдамасы үшін Бублик Қытай өкілі У Ибинмен кездеседі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру