Бублик Ханчжоудағы ATP-250 финалына шықты

Александр Бублик

Фото: Getty Images

Әлемдік рейтингте 19-орында тұрған қазақстандық теннисші Александр Бублик 22 қыркүйекте Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ATP-250 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Жартылай финалда Бублик жергілікті спортшы Ву Ибинді 6:3, 6:3 есебімен сенімді түрде жеңді. Кездесу 1 сағат 3 минутқа созылды.

Финалда қазақстандық теннисші француз Валентен Руайемен кортқа шығады. Ханчжоудағы турнир 17-23 қыркүйек аралығында өтуде. Қолданыстағы чемпион — хорват Марин Чилич.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру