Бублик Ханчжоу турнирінің ширек финалына шықты

Александр Бублик

Фото: пресс-служба ФТК

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ATP-250 турнирінің 1/4 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Екінші айналымда ол әлемдік рейтингтің 93-орнында тұрған австралиялық Александар Вукичпен күш сынасты. 2 сағат 15 минутқа созылған тартысты матч үш сетке жалғасты. Алғашқы партияда тай-брейкте жеңілгеніне қарамастан, Бублик кейінгі екі сетте қарқынын күшейтіп, 6:7 (6:8), 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Ширек финалда Александр чех теннисшісі Далибор Сврчинмен кортқа шығады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру