Бублик әлемнің бірінші ракеткасын жарыс жолынан тайдырды

Александр Бублик

Фото: Getty Images

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде 45-орында) Галледе (Германия) өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерді жеңіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Ойын үш сетке созылып, Бублик 3:6, 6:3, 6:4 есебімен қарсыласын тізе бүктірді. Бұл – оның Синнерге қарсы екінші жеңісі. Бірінші рет ол 2023 жылы дәл осы турнирде италиялық теннисші матчтан бас тартқан кезде жеңіске жеткен еді (5:7, 0:2).

Айта кетейік, биылғы «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалында осы екі ойыншы тағы кездескен болатын. Ол кезде Синнер Бубликке еш мүмкіндік бермей, үш сетте жеңіске жетті – 6:1, 7:5, 6:0.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар