Бивол мансабын аяқтауға жақын ба?

Дмитрий Бивол

Фото: Boxing

Дмитрий Бивол 40 жасқа дейін мансабын аяқтауы мүмкін екенін айтты. 34 жастағы абсолют чемпион жаңа салмақ дәрежесіне өтуге қызығушылық танытқанымен, бұл шешімді командасымен бірге қабылдайтынын жеткізді.

22 ақпанда Эр-Риядта өткен жекпе-жекте Бивол Артур Бетербиевті төрешілер шешімімен жеңіп, былтырғы жеңілісі үшін реванш алды. Осылайша, ол полутяж салмақтағы барлық чемпиондық белбеуді иеленді.

Жекпе-жектен кейін екі боксшы да үшінші айқастың мүмкін екенін айтты. Ал Бивол болашақта өзіне жаңа мақсаттар қойғысы келетінін жасырмады.

Айта кетейік, Бивол мен Бетербиев карьерасындағы алғашқы жеңілістерін өзара кездесулерде тіркеді. Сонымен қатар, Бетербиевтің нокаутпен жеңістер сериясы үзілді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру