Бибісара Асаубаева Norway Chess турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бибисара Асаубаева

Фото: NurPhoto

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әйелдер арасындағы Norway Chess турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Тоғызыншы турда қазақстандық спортшы украиналық Анна Музычукпен кездесті. Негізгі партия тең аяқталғаннан кейін шахматшылар армагеддон форматында қосымша ойын өткізді.

Классикалық партияда жеңіске жетпегеніне қарамастан, Бибісара жинаған ұпайларының арқасында жарыс аяқталуына бір тур қалғанда чемпиондық атақты мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.

Соңғы тур қарсаңында қазақстандық шахматшы 16,5 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап тұр. Екінші орында тұрған Анна Музычуктың еншісінде 11,5 ұпай бар. Ал үндістандық Дивья Дешмух пен қытайлық Чжу Цзиньэр 10 ұпайдан жинаған.

Осылайша соңғы тур нәтижесіне қарамастан, қарсыластары Бибісараны қуып жете алмайды. Қазақстандық шахматшы әлемдегі ең беделді турнирлердің бірі саналатын Norway Chess жарысында мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, халықаралық деңгейдегі жоғары шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 12:00 Басқа
Биржан Оразов: Қазақстан құрамасының мақсаты – іріктеу тобында бірінші орын алу
20 Окт - 11:20 Басқа
Севда Әлиева Азия Пара ойындарында үздік алтылыққа енді
20 Окт - 10:49 Басқа
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Budapest Trophy додасында жүлдесіз қалды
20 Окт - 09:15 Басқа
Қазақстан пара үстел теннисінен Азия Пара ойындарындағы алғашқы медальдарын алды
20 Окт - 08:20 Басқа
Гүлім Құрманбаева Азия Пара ойындарында жүлдеге сәл жетпей қалды
19 Окт - 16:00 Басқа
Қазақстандық парапауэрлифтерлер Азиаданың екі жүлдесін жеңіп алды
19 Окт - 15:45 Басқа
Қазақстандық футзал төрешісі Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасына тағайындалды
19 Окт - 14:00 Басқа Хоккей
Шутов пен Орехов ҚХЛ-дің алтыншы аптасының үздіктері атанды
19 Окт - 13:20 Басқа
Ибрагим Нұрмаханұлы Қазақстанға Азия Пара ойындарындағы үшінші алтынды әкелді