Бауыржан Исламхан «Қайсарға» ауысуы мүмкін

Бауыржан Исламхан

Фото: ФК Астана

«Астана» мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан мансабын қызылордалық «Қайсарда» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz Amanvibe.kz сайтына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, қызылордалық клуб басшылығы 33 жастағы футболшыны жазғы трансферлік кезеңде құрамға қосуды қарастырып отыр.

Сондай-ақ Исламханның ықтимал ауысуы жартылай қорғаушы Айбол Әбікеннің болашағына байланысты екені айтылды. Бұған дейін «Қайсар» ойыншысының шымкенттік «Ордабасыға» ауысуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Биылғы ҚПЛ маусымында Бауыржан Исламхан «Астана» сапында он матч өткізіп, үш нәтижелі пас авторы атанды.

«Тараздың» түлегі мансабында «Қайрат», «Ордабасы», «Тұран» және БАӘ-нің «Әл-Айн» клубтарында өнер көрсетті. Сонымен қатар ол ұзақ жылдар бойы Қазақстан құрамасының негізгі ойыншыларының бірі болды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
13 Июн - 10:54 Футбол
«Қайрат» мадридтік «Реалдың» бұрынғы шабуылшысын қатарына қосты
13 Июн - 09:28 Футбол
«Астана» ойыншысы әлем чемпионатында ҚПЛ тарихына енді
13 Июн - 09:20 Футбол
АҚШ ірі есеппен жеңді, Канада әлем чемпионатындағы алғашқы ұпайына қол жеткізді
13 Июн - 08:00 Футбол
Футболдан әлем чемпионаты: 13 маусымдағы ойындар күнтізбесі
12 Июн - 18:28 Футбол
Лука Модрич мансабын ӘЧ-2026 аяқталғаннан кейін тәмамдамақ
11 Июн - 15:37 Футбол
Роналду ӘЧ-2026 қатысушылары арасындағы ең жоғары табыс табатын футболшылар рейтингінде көш бастады
11 Июн - 08:00 Футбол
ӘЧ-2026: Қазақстандық жанкүйерлер матчтарды қайдан және қай уақытта көре алады
08 Июн - 17:55 Футбол
Кристиан Эриксен Украинаға қарсы матчтағы жағдайдан кейін ауруханадан шығарылады
08 Июн - 12:05 Футбол
«Челси» қорғаушысы «Барселонаға» ауысқысы келеді
08 Июн - 08:30 Футбол
«Қайрат» жолдастық кездесуде «Жетісуды» ірі есеппен жеңді