Владислав Васильев «Атырауға» ауысуы мүмкін

Владислав Васильев

Владислав Васильев. Фото: Прессбол

«Атырау» клубының бас директоры Дидар Сыдықбек Беларусь чемпионатында ойнайтын Владислав Васильевтің командаға ауысуы мүмкін екенін айтты. Ол бұл туралы өзінің Telegram арнасында жазды.

«Васильевтің «Атырауға» келуі шешілген мәселе. Ол бала күнгі жақын досымның туған інісі. Сол аяғымен жақсы ойнайтын, қорғаныста да, шабуыл шебінде де, орталықта да өнер көрсете алатын әмбебап футболшы. Құрамаға қайта оралғысы келетінін де жасырмай отыр», – деді Сыдықбек.

Сондай-ақ, басшы Васильевпен жеке хат алмасу скриншотын жариялап, ойыншының «Атырауға» ауысуды басты нұсқа ретінде көріп отырғанын айтты. «Басқа клубтармен келіссөзді тоқтатамын. Мен үшін басты таңдау сіздер», – деп жазды ойыншы.

Биылғы маусымда Васильев «Динамо-Брест» сапында 11 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді. Ол Қазақстан құрамасы үшін 12 ойын өткізген, соңғы рет ұлттық құрама жейдесін 2022 жылдың маусымында киген.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді