«Атырауда» бапкер ауысты: Горовенко кетті

Константин Горовенко

Константин Горовенко

«Атырау» футбол клубының бас бапкері Константин Горовенко қызметінен кетті. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі хабарлады. 48 жастағы маман өз еркімен орнын босатқан.

Горовенко маусым басталмай тұрып, команданың тізгінін ұстаған еді. Ол екі оқу-жаттығу жиынын өткізген соң, ел біріншілігінде алты матч, сондай-ақ бір кубоктық кездесу өткізді. Алайда бұл ойындардың ішінде тек біреуінде ғана жеңіске жетті.

Қазірше команда тізгінін уақытша Денис Мамонов ұстады.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру