Асу Алмабаев америкалық RAF лигасымен келісімшартқа отырды

Асу Алмабаев
Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев америкалық RAF күрес лигасымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ол бұл промоушендегі Қазақстанның екінші өкілі атанды. Бұған дейін аталған лигада Ризабек Айтмұхан өнер көрсеткен болатын.
Ұйым жаңа спортшылармен келісім жасалғанын ресми түрде жариялады. Алмабаевтан бөлек, қырғызстандық еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ернар Акматалиев пен Олимпиада чемпионы Магомед Рамазанов та RAF қатарына қосылды.
Сонымен қатар Асу Алмабаев UFC-дегі мансабын жалғастыра береді. Қазіргі уақытта қазақстандық файтер аса жеңіл салмақ рейтингінде сегізінші орында тұр.
Алмабаевтың келесі жекпе-жегі 27 маусым күні Бакуде өтетін UFC Fight Night турнирінде жоспарланған. Оның қарсыласы америкалық Чарльз Джонсон болады. Бұған дейін RAF лигасында Ризабек Айтмұхан дебют жасап, Филадельфиядағы турнирде Олимпиада чемпионы Кайл Снайдерге жол берген еді.
Григорий Ломакин Исламабадтағы турнирдегі өнерін аяқтады
Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық файтерге қарсы титулдық жекпе-жек өткізуі мүмкін
