Асу Алмабаев Абу-Дабидегі жекпе-жекте жаңа қарсыласқа тап болды

Асу Алмабаев

Асу Алмабаев

Қазақстандық ММА шебері Асу Алмабаевтың UFC турниріндегі қарсыласы ауысты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Бұған дейін ол Өзбекстан өкілі Рамазан Темировпен кездеседі деп жоспарланған болатын. Алайда Темиров жекпе-жектен бас тартып, жекпе-жекке шықпайтын болды. Оның не себепті шеттетілгені жайлы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Темировтің орнына октагонға 24 жастағы перуалық Хосе Очоа шығады. Ол кәсіпқой ММА-де 8 жеңіс, 1 жеңіліс және 1 нәтиже тіркелмеген жекпе-жек өткізген. UFC-де бір рет жеңіп, бір мәрте ұтылған.

Очоа әзірге UFC-дің жеңіл салмақтағы үздік ондығына кірмейді. Ал Алмабаев бұл рейтингте 8-орында тұр. Айта кетейік, Асу соңғы жекпе-жегінде португалиялық Манель Капеге жол беріп, UFC-дегі алғашқы жеңілісіне ұшыраған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар