Астанадағы Әлем кубогы: алғашқы күн отандастар үшін сәтті өтті

Назым Кызайбай

Назым Кызайбай

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында бокстан Әлем кубогының алғашқы жарыс күні өз мәресіне жетті. Күндізгі сессияда үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай (48 келі) мен Әнел Сақыш (54 келі) жеңісті жолмен бастады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Өкінішке қарай, 70 келіде шаршы алаңға шыққан Абылайхан Жүсіпов қабағы жарылып, турнирді жалғастыра алмады. Ал кешкі сессияда Виктория Графеева (60 келі) мен Наталья Богданова (70 келі) қарсыластарын сенімді жеңді.

Астана төріндегі бұл жарысқа 29 елден 300-ге жуық спортшы жиналды. Қазақстан құрамасы 20 салмақ дәрежесінің барлығында қатысуда. Олардың қатарында 7 әлем чемпионы мен 2 Олимпиада жүлдегері бар.

Айта кетейік, жарыс 7 күнге созылады. Күн сайынғы жекпе-жектер екі сессияда – күндізгі 14:00-де және кешкі 19:00-де өтеді.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру