«Астана» шабандозы «Джиро д’Италия» кезеңінде үздік ондыққа енді

Диего Улисси

Диего Улисси. Фото: Getty Images

Биылғы маусымдағы «Джиро д’Италия» көпкүндігінің 11-кезеңі мәресіне жетті. Велошабандоздар 186 шақырымды артқа тастады.

«Астана» командасының атынан ең үздік нәтижені Диего Улисси көрсетті. Ол бұл кезеңде мәре сызығын оныншы болып кесіп өтті.

Кезең жеңімпазы – EF Education-EasyPost командасындағы эквадорлық Ричард Карапас. Екінші болып UAE Team Emirates-XRG сапындағы мексикалық Исаак Дель Торо келсе, үздік үштікті Lidl-Trek командасынан италиялық Джулио Чикконе түйіндеді.

Айта кетейік, 2025 жылғы «Джиро д’Италия» 9 мамырда Албанияда басталды. Бұл – италиялық гранд турдың шетелде басталған 15-ші жарысы. Бұған дейінгі сырт елдегі старт 2022 жылы Будапештте өткен.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру