Астана алғаш рет жағажай волейболынан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатын қабылдайды

1777113915

Астана алғаш рет жағажай волейболынан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатын қабылдайды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ұлттық чемпиондық атақ үшін еліміздің сегіз өңірінен келген 14 ерлер және әйелдер жұбы бақ сынайды.

Жарыс 11-13 қыркүйек аралығында «Дәулет» теннис орталығының жағажай волейболына арналған алаңдарында өтеді. Турнир қорытындысы бойынша ерлер мен әйелдер арасында Қазақстанның үздік жұптары анықталады.

Бұл жағажай волейболынан ересектер арасындағы төртінші Қазақстан чемпионаты болмақ. Сонымен қатар жарыс тарихында алғаш рет елордада ұйымдастырылады.

Чемпионатты Қазақстан волейбол федерациясы, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Астана қаласының әкімдігі және қалалық волейбол федерациясы ұйымдастырады. Турнир «Самұрық-Қазына» қоры мен туризм және спорт индустриясын қолдау қорының қолдауымен өтеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
07 Окт - 16:27 Басқа
Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Турловпен кездесті
07 Окт - 15:15 Басқа
Қазақстан шорт-тректен әлемдік турдың алғашқы кезеңдеріне құрамын анықтады
02 Окт - 09:10 Басқа
Рита Бакишева Азия ойындарында тарихи қола медаль жеңіп алды
28 Сен - 16:00 Басқа Жеңіл атлетика
Ясмина Тоқсанбаеваның Азия ойындарындағы нәтижесі жарамсыз деп танылды
28 Сен - 15:05 Басқа
Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны US Open-дегі жеңісінен кейін қабылдады
28 Сен - 11:37 Басқа
Қазақстандық мергендер Азия ойындарында тоғызыншы орынға ие болды
28 Сен - 08:30 Басқа
Қазақстан артистік жүзуден Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
26 Сен - 12:05 Басқа
Қазақстандық гандболшылар Азия ойындарын ірі жеңіспен аяқтады
25 Сен - 13:44 Басқа
Денис Сергиенко Азия ойындарында маунтинбайктен бесінші орын алды
25 Сен - 12:05 Басқа
Ислам Сатпаев Азия ойындарының финалына шықты