Асанәлі Сәркенов NHL драфтына таңдалуы мүмкін

Асанали Саркенов

Асанали Саркенов. Фото: cehockey

Қазақстандық шабуылшы Асанәлі Сәркеновті биылғы NHL драфтында таңдап алуы әбден мүмкін. Бұл туралы Ұлттық хоккей лигасының Орталық скауттық бюросы жариялады. Сарапшылардың болжамынша, ол 217-нөмірмен таңдалуы ықтимал.

18 жастағы хоккейші осы маусымда Солтүстік Америкадағы WHL лигасының «Спокан Чифс» командасында 52 ойын өткізіп, 27 (10+17) ұпай жинаған. Плей-офф кезеңінде тағы 8 матч өткізіп, 5 (2+3) ұпаймен көзге түсті.

Сәркенов өткен жылы Оттавада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында үш ойынға қатысып, бір шайба соқты. Бұған дейін, 2023 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Канада қақпасына хет-трик жасаған болатын.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру