Клопп «Реалдың» тізгінін ұстай ма?

Юрген Клопп

Юрген Клопп. Фото: Getty Images

«Ливерпульдің» бұрынғы бапкері Юрген Клопп Мадридтік «Реалмен» келіссөз жүргізуге дайын. Бұл туралы ағылшынның The Sun басылымы хабарлады. Ақпаратқа сенсек, Карло Анчелотти маусым соңына дейін клубтан кетуі мүмкін.

Испаниялық БАҚ Клоппты «Барселонаның» жаңа жобасын бастаған Ханс-Фликке қарсы тұратын идеалды маман ретінде көреді. Ал Клопптың өзі қазір Red Bull жүйесінде жұмыс істегенімен, бұл қызмет өзіне аса ұнамай жүргені айтылуда.

Неміс маманы жазда бапкерлік жұмысқа қайта оралуға ниетті. Ол «Ливерпуль» сапында тоғыз жыл еңбек етіп, Чемпиондар лигасы мен АПЛ-ды жеңіп алған болатын. Анчелоттидің кетуі туралы әңгіменің шығуына «Арсеналдан» ұтылған кездесу себеп болған. Sky Sports дерегінше, ол 26 сәуірде өтетін Кубок финалынан кейін қош айтысуы мүмкін.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
04 Сен - 09:15 Футбол
«Реал Сосьедад» пен «Сельта» кейінге шегерілген Ла Лига матчында жеңімпазды анықтай алмады
04 Сен - 08:30 Футбол
«Динамо» «Ахматты» ірі есеппен жеңді: Қазақстан құрамасының екі ойыншысы алаңға шықты
03 Сен - 16:25 Футбол
«Челси» Дастан Сәтпаевты жазғы трансферлік науқаннан кейін жаңа ойыншылар тізіміне қосты
03 Сен - 13:45 Футбол
Обамеянг Габон құрамасынан кететінін мәлімдеді
03 Сен - 12:05 Футбол
Стефан Эль-Шаарави 16 жылдан кейін «Дженоаға» қайта оралды
03 Сен - 10:45 Футбол
Дастан Сәтпаев «Бернли» – «Мидлсбро» матчының үздік ойыншысы атанды
03 Сен - 09:15 Футбол
«Бернли» тағы да ұпай жоғалтты: Сәтпаев командасына алғашқы жеңісті сыйлай алмады
03 Сен - 08:30 Футбол
«Крылья Советов» «Балтиканы» пенальти сериясында жеңіп, екінші орынға көтерілді
02 Сен - 17:55 Футбол
Сатпаев «Мидлсброға» қарсы ойында алаңға шығуы мүмкін
02 Сен - 15:05 Футбол
Себальос «Реалдан» кейін туған клубына оралды