Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатына қатысатын құрамын жариялады
Қазақстанның әйелдер хоккей құрамасы 15-18 қазан аралығында Жапонияның Саппоро қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Ұлттық құрама сапына үш қақпашы, сегіз қорғаушы және 12 шабуылшы енді. Ойыншылардың басым бөлігі «Томирис» пен «Алматы» клубтарының өкілдері. Сонымен қатар тізімде «Торпедо» және «Айсулу» командаларының хоккейшілері бар.
Қазақстан әйелдер құрамасының тізімі
Қақпашылар: Вероника Агеева, Арина Щеколова (екеуі де – «Томирис»), Полина Говтва («Алматы»).
Қорғаушылар: Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай (барлығы – «Томирис»), Катрин Мескини, Полина Яковлева (екеуі де – «Торпедо»), Аида Олжабаева, Анна Пяткова (екеуі де – «Алматы»), Мадина Турсынова («Айсулу»).
Шабуылшылар: Малика Алдабергенова, Пернеш Ашимова, Елизавета Дюндина, София Зубкова, Лариса Свиридова (барлығы – «Алматы»), Дильназ Саяхаткызы, Мунира Саяхаткызы (екеуі де – «Торпедо»), Екатерина Куценко, София Муравьева, Мадианна Нусупова, Анастасия Оразбаева, Александра Шегай (барлығы – «Томирис»).
Бапкерлер штабы: бас бапкер – Александр Тебеньков; бапкер – Жасулан Оразбаев; қақпашылар бапкері – Дарья Дмитриева; дене дайындығы бойынша бапкер – Мадина Сегизбаева. Бас менеджер – Виктория Сазонова.



