«Армандағанның айыбы жоқ»: Адамес Жәнібектің жоспарын шындыққа жанаспайтын деп санады

Жанибек Алимханулы

Жанибек Алимханулы. Фото: Getty Images

Орта салмақтағы WBC чемпионы Карлос Адамес қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының барлық белбеуді біріктіру туралы жоспарына күле қарады. Доминикандық спортшы әлеуметтік желідегі жазбаға «Армандағанның айыбы жоқ» деп пікір қалдырып, бұл мақсатқа сенбейтінін білдірді.

Mo Boxing, No Problem порталы жариялаған мәліметке сәйкес, Qazaq Style командасы алдағы кезеңнің жоспарын жасаған. Онда жазда Адамеспен, жыл соңына қарай WBA чемпионы Эрисланди Ларамен, ал 2026 жылдың көктемінде Сауль «Канело» Альвареспен жұдырықтасу көзделген. Мақсат – абсолют чемпион атану.

Алайда Адаместің реакциясына қарағанда, ол мұндай жоспарды байыппен қабылдап отырған жоқ. Айта кетейік, Карлос Адамес соңғы жекпе-жегін 2025 жылғы ақпанда Хамза Ширазбен өткізіп, тең нәтижеге қол жеткізді. Қазір ол WBC ұйымының міндетті үміткері қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановпен болатын титулдық кездесу туралы келіссөз жүргізіп жатыр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
07 Мар - 16:00 Бокс
Сұлтан Заурбек WBO рейтингінің үздік 15 боксшысы қатарынан шығып қалды
05 Мар - 13:00 Бокс
Тайсон мен Мэйвезер жекпе-жегінің жоспарланған күні өзгеруі мүмкін
28 Фев - 13:40 Бокс
Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев ESPN рейтингінің үздік ондығынан шықты
28 Фев - 10:29 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының ісі бойынша IBF шешімі жақын күндері жариялануы мүмкін
27 Фев - 20:11 Бокс
Алты қазақстандық бұрымды боксшы Странджа кубогының жартылай финалына өтті
27 Фев - 12:08 Бокс
Дензел Бентли Жәнібек Әлімханұлын уақытша титулдарынан айыру керек деп санайды
26 Фев - 12:16 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы екінші мәрте жазаланды
25 Фев - 20:00 Бокс
«Странджа» турнирінде қазақстандық бауырлар арасындағы жекпе-жек өтпеді
25 Фев - 08:46 Бокс
Данияр Елеусінов 5 сәуірде Zuffa Boxing лигасында жекпе-жек өткізеді
21 Фев - 17:17 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы дисквалификация аяқталған соң рингке оралуды жоспарлап отыр