«Ақтөбе» Конференция лигасында «Спартаға» қарсы ойнайды

«Ақтөбе» Еуропа лигасының іріктеу кезеңінен шығып қалса да, халықаралық додадағы өнерін жалғастырады. Команда Конференция лигасының екінші кезеңінде Чехияның «Спарта» клубымен кездеседі, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Кеше поляк «Легиясымен» өткен жауапты ойында ақтөбеліктер 0:1 есебімен жеңіліп, екі матч қорытындысы бойынша жарысты тоқтатты. Енді олар үшін жаңа мүмкіндік – Конференция лигасы. Алда – чехиялық ұжыммен маңызды ойын.

Алғашқы кездесу 24 шілдеде Ақтөбеде өтсе, қарымта матч 31 шілдеде Прагада ұйымдастырылады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру