Анна Данилина Монреаль турнирін жеңіспен бастады

Анна Данилина

Фото: VCG via Getty Images

Қазақстанның жұптық сындағы көшбасшысы Анна Данилина Канадада өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Сербиялық Александра Круничпен бірге жұп болып өнер көрсеткен Данилина алғашқы матчта чехиялық Линда Носкова мен аустралиялық Дарья Касаткинаны 6:4, 6:0 есебімен жеңді.

Бәсеке бір сағаттан сәл аса уақытқа созылды. Осы аралықта Анна мен Александра 3 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Келесі қарсыластарының есімі кейін белгілі болады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру