Анна Данилина Кливленд турнирінде жеңімпаз атанды

Анна Данилина

Анна Данилина. Фото: Olympic.kz

Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, АҚШ-та өткен WTA 250 жарысында чемпиондық тұғырға көтерілді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Финалда олар тайвандық Чжань Хаоцин мен қытайлық Синью Яньды 7:6, 6:4 есебімен ұтты.

Бұл жеңіс Данилина мен Круничке WTA рейтингінде 250 ұпай және командаға 11 480 доллар сыйақы әкелді. Қазіргі таңда Данилина әлемдік жұптық рейтингте 10-орында тұр.

Айта кетейік, турнир басталар алдында Данилина мен Крунич бірінші нөмірлі қатысушы ретінде тіркелсе, финалдағы қарсыластары екінші нөмірлі болды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру