Анна Данилина Истборн турнирінің жеңімпазы атанды

Анна Данилина

Фото: Getty Images

Қазақстанның теннисшісі Анна Данилина Англияның Истборн қаласында өткен WTA 250 санатындағы турнирде жұптық сында топ жарды, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Ол чехиялық әріптесі Мария Боузковамен бірге Се Шувэй (Қытай) мен Майя Джойнт жұбын 6:4, 7:5 есебімен жеңіп шықты. Финалдық матч 1 сағат 23 минутқа созылып, Данилина мен Боузкова үш эйс жасап, бір қос қателік жіберді және 13 брейк-пойнттың бесеуін тиімді пайдаланды.

Бұл жеңіс қос спортшыға WTA рейтингінде 250 ұпай алып келді. Жаңартылған рейтинг нәтижесі бойынша Анна әлемнің үздік сегіз теннисшісінің қатарына енеді.

Айта кетейік, бұл Данилинаның қатарынан төртінші финалы. Бұған дейін ол «Ролан Гаррос», Лондон және Ноттингем турнирлерінде шешуші кезеңге дейін жеткен.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
21 Июл - 10:55 Теннис
Қазақстандық теннисші Өзбекстандағы халықаралық турнирде алтын жеңіп алды
18 Июл - 18:48 Теннис
Александр Шевченко Швейцариядағы ATP турнирінің жартылай финалында жеңілді
13 Июл - 21:10 Теннис
Тимофей Скатов Гштаадтағы ATP 250 турнирін алғашқы айналымда аяқтады
13 Июл - 19:04 Теннис
Жібек Құламбаева Яссыдағы WTA 250 турнирінің негізгі кезеңіне шыға алмады
13 Июл - 16:08 Теннис
Денис Евсеев Нидерландыдағы ATP Challenger турнирінің негізгі кезеңіне шыға алмады
13 Июл - 09:35 Теннис
WTA рейтингі жаңартылды: қазақстандық теннисшілердің жаңа орындары белгілі болды
04 Июл - 19:46 Теннис
Елена Рыбакина Уимблдон-2026 турниріндегі жарысын аяқтады
01 Июл - 14:17 Теннис
Григорий Ломакин Қытайдағы ITF M15 турнирінің екінші айналымына шықты
30 Июн - 22:21 Теннис
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты
29 Июн - 18:04 Жекпе-жек Теннис
Юлия Путинцева «Уимблдондағы» жарысты алғашқы айналымда аяқтады