Амир Хан: «Головкин – күш, Жәнібек – техника»

Амир Хан

Амир Хан. Фото: Getty Images

Әлемнің экс-чемпионы, британдық боксшы Амир Хан Qazsport телеарнасына берген сұхбатында Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлы жайлы пікір білдірді.

«Мен қазақ боксын жақсы көремін. Оның қазіргі стилі мүлде бөлек деңгейге көтерілді. Алғашқысы – GGG. Ол керемет боксшы. Ешқашан ештеңеден қорықпайды. Лас-Вегастағы жекпе-жектеріме келгенде өз көзіммен көрдім. Рингте қарсыластарын жай ғана сындырып тастайтын. Оның бойында нағыз күш, қуат, совет мектебінің қатаң әрі нәтижелі стилі бар», – деді ол.

Ханның айтуынша, Жәнібек мүлде басқа бағыттағы боксшы. «Ол – шапшаң, икемді, техникалық тұрғыдан мықты. GGG тік жүретін, төзімді болса, Жәнібек – серпінді. Екеуінің стилін салыстыру өте қызық. Екеуі де өз жолымен керемет», – деді Амир Хан.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
07 Мар - 16:00 Бокс
Сұлтан Заурбек WBO рейтингінің үздік 15 боксшысы қатарынан шығып қалды
05 Мар - 13:00 Бокс
Тайсон мен Мэйвезер жекпе-жегінің жоспарланған күні өзгеруі мүмкін
28 Фев - 13:40 Бокс
Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев ESPN рейтингінің үздік ондығынан шықты
28 Фев - 10:29 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының ісі бойынша IBF шешімі жақын күндері жариялануы мүмкін
27 Фев - 20:11 Бокс
Алты қазақстандық бұрымды боксшы Странджа кубогының жартылай финалына өтті
27 Фев - 12:08 Бокс
Дензел Бентли Жәнібек Әлімханұлын уақытша титулдарынан айыру керек деп санайды
26 Фев - 12:16 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы екінші мәрте жазаланды
25 Фев - 20:00 Бокс
«Странджа» турнирінде қазақстандық бауырлар арасындағы жекпе-жек өтпеді
25 Фев - 08:46 Бокс
Данияр Елеусінов 5 сәуірде Zuffa Boxing лигасында жекпе-жек өткізеді
21 Фев - 17:17 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы дисквалификация аяқталған соң рингке оралуды жоспарлап отыр