Али Хейбати Қуат Хамитовпен жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

Фаниль Рафиков и Мариф Пираев. Фото: NAIZA FC
Ирандық ММА файтері Али Хейбати қазақстандық Қуат Хамитовпен болатын жекпе-жекке қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Бұл кездесу Атырауда өтетін Batyr Fighting Championship турнирінің басты айқасы болады.
Solaide_ufc-ке берген сұхбатында Хейбати қазақстандық файтерді сенімді түрде жеңгісі келетінін айтты.
«Мен оны қатты жеңгім келеді. Қуат, сен менің ережеммен жұдырықтасасың. Қалай айтсам, солай төбелесесің. Осы жекпе-жекті өмір бойы ұмытпайсың. Ал айқастан кейін бірге барып бешбармақ жейміз», — деді ирандық спортшы.
Қуат Хамитов пен Али Хейбати арасындағы жекпе-жек 23 мамыр күні өтеді. Қазақстандық файтер үшін бұл кездесу тамыз айында ACA лигасында ресейлік Алексей Махномен болатын айқасқа дайындық кезеңдерінің бірі саналады.
Қуат Хамитов кәсіби мансабында 25-тен астам жекпе-жек өткізіп, әлі күнге дейін нокаутпен немесе техникалық нокаутпен жеңіліп көрмеген.



