Александр Бублик жарақатына байланысты Almaty Open-ге қатыса алмайды

Александр Бублик

Фото: Пресс-служба ФТК

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Almaty Open турниріне жарақатына байланысты шыға алмайды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Спортшы жарақатты Ханчжоудағы финалда алған. Сол себепті Пекин мен Шанхай жарыстарында толыққанды ойнай алмады және алғашқы айналымдарда жеңіліп қалды. Дәрігерлер оған жүктемені азайтып, нақты диагноз қою үшін шұғыл тексеруден өтуді ұсынды.

«Үйде ойнау – бұл үлкен жауапкершілік әрі зор мотивация. Жерлестердің қолдауы әрдайым күш береді», – деді Бублик. Ол жанкүйерлеріне алғыс айтып, Қазақстанда қайта кездесу үмітін жеткізді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру