Александр Бублик Швейцариядағы турнирді жеңіп алды

Александр Бублик

Фото: The New York Times

Әлемдік рейтингте 34-орында тұрған қазақстандық теннисші Александр Бублик Швейцарияның Гштаад қаласында өткен ATP 250 санатындағы турнирдің чемпионы атанды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Бұл – оның топырақ жабындысындағы алғашқы жеңісі.

Финалда Бублик 109-орындағы аргентиналық Хуан-Мануэль Серундоломен кездесіп, 6:4, 4:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Үш сетке созылған тартысты матчтың соңында Александр өз үстемдігін дәлелдеді.

Соңғы 16 топырақтағы кездесудің тек екеуінде жеңілген Бублик үшін бұл – 2025 жылғы маусымдағы екінші, жалпы кәсіби мансабындағы алтыншы ATP титулы. Бұған дейін ол Монпелье, Галле және Антверпенде жеңіске жеткен болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру