Александр Бублик екінші рет қатарынан топырақ төсенішіндегі турнирдің финалына шықты

Александр Бублик

Фото: пресс-служба ФТК

Қазақстанның бірінші, әлемнің 30-ракеткасы Александр Бублик Кицбюэль (Аустрия) ATP 250 турнирінің финалына жолдама алды.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда рейтингіде 103-орында тұрған нидерландылық Ботик ван де Зандсхулппен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда есеп 3:2 болған мезетте Бублик брейк жасап, сосын өз мүмкіндігін жібермеді – 6:3. Есесіне екінші сетте Зандсхулп 3:0 есебімен алға шықты. Дегенмен Бублик қайыра екі брейк жасап, ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.

Осылайша, қазақстандық теннисші қатарынан екінші рет топырақ төсенішіндегі турнирдің финалына өтті. Бұдан бір апта бұрын ол Гштаад (Швейцария) ATP 250 жарысында жеңімпаз атанған еді.

Александр Бублик финалда рейтингіде 100-сатыдағы франциялық Артур Казомен чемпиондық атақты сарапқа салады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
04 Дек - 08:59 Теннис
Рыбакина әлемдегі ең көп табыс табатын спортшылар қатарына енді
01 Дек - 15:11 Теннис
Александр Бублик маусымдағы ерекше жетістігі туралы пікір білдірді
01 Дек - 11:03 Теннис
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Исламабадта өткен турнирдің жұптық сайысында топ жарды
01 Дек - 09:37 Теннис
Юлия Путинцеваның командасы «Солтүстік Пальмира трофейлерін» жеңіп алды
29 Ноя - 09:05 Теннис
Зарина Дияс Australian Open-2026 турнирінде өнер көрсету құқығына ие болды
28 Ноя - 10:53 Теннис
Әмір Омарханов Монастирдегі ITF M15 турнирінің жартылай финалына жолдама алды
25 Ноя - 21:35 Теннис
Бублик маусымдағы эйс саны бойынша ATP рейтингінде үздік бестікке кірді
23 Ноя - 20:13 Теннис
Қазақстандық теннисші кәсіби деңгейдегі алғашқы титулын жеңіп алды
23 Ноя - 17:32 Теннис
Рыбакина мен Фис 2025 жылғы Әлемдік теннис лигасына қатыспайды
22 Ноя - 14:44 Теннис
Рыбакина мен Фис WTL турниріне қатыспайды