Alash Pride 108 турнирінде Оспанов пен Барао жеңімпазды анықтай алмады

Арман Оспанов

Арман Оспанов. Фото: ACA

Астанада өткен Alash Pride FC 108 турнирінің басты оқиғаларының бірі – Арман Оспанов пен Ренан Барао арасындағы грэпплинг жекпе-жегі болды. Кездесу тең нәтижемен аяқталды.

Арман Оспанов кәсіби ММА-де соңғы рет 2022 жылдың қаңтарында октагонға шығып, француз Дилан Сальвадордан техникалық нокаутпен жеңілген еді. Ал UFC-дің бұрынғы чемпионы Ренан Барао соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың қазанында өткізіп, костарикалық Вальтер Самораға төрешілер шешімімен есе жіберді.

Айта кетейік, Барао UFC ұйымында 17 рет айқасқан. Оның есебінде 9 жеңіс пен 8 жеңіліс бар.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру