Дамир Исмагулов Астанадағы басты айқаста нокаутпен жеңді

Дамир Исмагулов

Фото: Caravan

Астанада өткен Alash Pride FC 108 турнирінің басты жекпе-жегінде Дамир Исмагулов пен Алан Патрик жеңіл салмақта күш сынасты. Бес раундқа жоспарланған айқас екінші кезеңде аяқталды.

Қазақстандық спортшы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп, кәсіпқой мансабындағы 27-жеңісіне қол жеткізді. Ал бразилиялық файтер үшін бұл мансабындағы бесінші жеңіліс болды.

Айта кетейік, Исмагулов пен Патрик бұған дейін UFC-де өнер көрсеткен. Дамир әлемнің үздік лигасында 7 жекпе-жек өткізіп, 5 рет жеңіске жеткен. Алан Патрик 10 айқаста 5 жеңіске қол жеткізген.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар