Әлімханұлы ықтимал біріктіру жекпе-жегіне дайындықты бастады

Жанибек Алимханулы

Жанибек Алимханулы. Фото: Boxing News 24

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы ықтимал біріктіру жекпе-жегіне дайындықты бастады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Журналист Аслан Қаженовтің мәліметінше, қазіргі уақытта қазақстандық боксшы Алматыда болып, толыққанды жаттығу жиыны басталғанға дейін физикалық дайындығын сақтап жүр.

Дереккөздің айтуынша, спортшы уақытша шеттетілгеніне қарамастан, оның командасы жоспарлы түрде дайындық жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қазіргі кезеңде Әлімханұлы жалпы физикалық дайындығын сақтауға көңіл бөлуде. Негізгі жаттығу лагері жаз мезгілінде басталуы мүмкін. Ал дайындық жиынын АҚШ-та немесе Ұлыбританияда өткізу нұсқалары қарастырылып жатыр.

«Қазір Жәнібек Алматыда. Жазға қарай ол жаттығу лагеріне кіруді жоспарлап отыр. Жаттығу жиыны Америкада немесе Англияда өтуі мүмкін. Одан кейін ол спорттық бабын жоғалтпау үшін жоспар бойынша дайындық жалғасады. Келесі жылы, нақтырақ айтқанда сәуір немесе мамыр айларында Жәнібек тағы бір титул үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін. Оның қарсыласы WBC чемпионы Карлос Адамес немесе WBA чемпионы Эрисланди Лара болуы ықтимал. Бұл жекпе-жекке кешенді дайындық қазірден басталып кетті», – деп жазды Қаженов әлеуметтік желіде.

Еске салсақ, 20 ақпанда World Boxing Organization ұйымы Жәнібек Әлімханұлына бір жылдық дисквалификация жариялаған болатын. Шектеу мерзімі 2 желтоқсанға дейін күшінде болады. Осы уақыт аралығында қазақстандық боксшы кәсіби де, көрме жекпе-жектерге де қатыса алмайды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
09 Мар - 14:01 Бокс
Қазақстандық боксшы WBC рейтингінде бірінші орнын сақтап қалды
09 Мар - 09:31 Бокс
Әлімханұлы ықтимал біріктіру жекпе-жегіне дайындықты бастады
07 Мар - 16:00 Бокс
Сұлтан Заурбек WBO рейтингінің үздік 15 боксшысы қатарынан шығып қалды
05 Мар - 13:00 Бокс
Тайсон мен Мэйвезер жекпе-жегінің жоспарланған күні өзгеруі мүмкін
28 Фев - 13:40 Бокс
Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев ESPN рейтингінің үздік ондығынан шықты
28 Фев - 10:29 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының ісі бойынша IBF шешімі жақын күндері жариялануы мүмкін
27 Фев - 20:11 Бокс
Алты қазақстандық бұрымды боксшы Странджа кубогының жартылай финалына өтті
27 Фев - 12:08 Бокс
Дензел Бентли Жәнібек Әлімханұлын уақытша титулдарынан айыру керек деп санайды
26 Фев - 12:16 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы екінші мәрте жазаланды
25 Фев - 20:00 Бокс
«Странджа» турнирінде қазақстандық бауырлар арасындағы жекпе-жек өтпеді