Әлиев құрамамен қала ма? Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды

Али Алиев

Али Алиев

Қазақстан футбол құрамасы бас бапкер Әли Әлиевтің жетекшілігімен екі ресми матч өткізді. Енді оның тағдыры Қазақстан футбол федерациясының шешіміне байланысты болмақ.

Vesti.kz мәліметінше, бапкерге қойылған басты мақсат – Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы екі кездесуде төрт ұпай жинау болған. Қазақстан Вадуцте жеңіске жетті, алайда Кардиффте қарсыласқа жол берді.

Соған қарамастан, ҚФФ басшылығы Алиевтің жұмысын оң бағалап отыр. Оның Түркияда өткен екі оқу-жаттығу жиынындағы белсенділігі, еңбекқорлығы, жүйелі әрі қазіргі заман талабына сай тәсілдері жоғары бағаланған. Сонымен қатар, құрамды біртіндеп жаңарту мен ойыншыларға қойылатын талап та оң әсер қалдырған.

Осылайша, Әли Ханалиұлының құрамамен жұмысты жалғастыру мүмкіндігі жоғары. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы үш ұпаймен J тобында үшінші орында келеді, доп айырмашылығы – 3:3.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді