Әліби Ыдырыс The Ultimate Fighter жобасының жартылай финалындағы қарсыласын білді

UFC ұйымдастыратын The Ultimate Fighter шоуының 33-маусымының алтыншы бөлімінде қазақстандық файтер Әліби Ыдырыс жартылай финалда кіммен жұдырықтасатыны анықталды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Ширек финалдың соңғы айқасында Чейл Сонненнің шәкірті Ройберт Эчеверриа (10–2) Даниэль Кормьенің командасынан шыққан Тумело Маньямаланы (6–1) екінші раундта “гильотинамен” жеңіп, келесі кезеңге өтті. Енді ол Әліби Ыдырысқа қарсы шығады.

Екінші жартылай финалда Джозеф Моралес (12–2) пен Иманол Родригес (5–0) күш сынасады. Сонымен қатар жартылай орта салмақтағы жекпе-жектер жалғасып жатыр: Родриго Сезинандо мен Диего Бьянкини финал жолдамасына таласады.

Айта кетейік, TUF жобасының жеңімпаздары UFC-дің ресми турнирінде өнер көрсету құқығына ие болып, промоушенмен келісімшартқа отырады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
04 Фев - 11:12 ММА
UFC Fight Night 268: Морено Асу Алмабаевтың орнына Каванамен кездеседі
03 Фев - 08:57 ММА
Асу Алмабаев UFC Mexico турнирінің басты жекпе-жегінен жарақатына байланысты шығып қалды
01 Фев - 18:25 ММА
Дастан Амангелді «Oktagon» промоушеніндегі дебюттік жекпе-жегін жеңіспен бастады
01 Фев - 14:01 ММА
Шавкат Рахмонов операциядан кейін үзіліс алатынын мәлімдеді
01 Фев - 10:12 ММА
Шавкат Рахмонов тізесіне операция жасатып, шамамен бір жылға қатардан шықты
29 Янв - 18:35 ММА
Ислам Махачевтің келесі жекпе-жегі мамыр немесе маусым айларына жоспарлануы мүмкін
28 Янв - 14:46 ММА
Жалғас Жұмағұлов Шавкат Рахмоновтың октагонға оралу уақыты туралы пікір білдірді
27 Янв - 08:15 ММА
Mangu MMA лигасында Азат Мақсұм мен Рамазан Темиров титул үшін кездеседі
23 Янв - 14:07 ММА
Қаршыға Дәуітбек Rizin 52 турнирінде Жапонияда жекпе-жек өткізеді
22 Янв - 21:00 ММА
Жалғас Жұмағұлов UFC-ке қайта оралу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр