Әйелдер құрамасы Еуропада қатарынан екінші рет топ жарды

Сборная Англии

Фото: NurPhoto via Getty Images

2025 жылғы әйелдер арасындағы Еуропа чемпионатының финалында Англия құрамасы Испанияны пенальти сериясында жеңіп, чемпион атанды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Негізгі және қосымша уақыт 1:1 есебімен тең аяқталды. Ал 11 метрлік айып добында ағылшын футболшылары нақтырақ ойнап, 3:1 есебімен басым түсті. Осылайша, Англия қатарынан екінші рет Еуропа чемпионатын ұтты.

2022 жылы олар финалда Германияны қосымша уақытта 2:1 есебімен жеңіп, өз елінде өткен турнирде жеңімпаз атанған болатын. Сондай-ақ, ағылшын әйелдер құрамасы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Жартылай финалда Англия Италияны 2:1 есебімен жеңсе, Испания Германияны 1:0 есебімен жарыс жолынан шығарған еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру