2030 жылғы хоккейден әлем чемпионатының қожайындары анықталды

Хоккей

Халықаралық хоккей федерациясы 2030 жылғы әлем чемпионаты өтетін елдерді ресми түрде бекітті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Шешім Швейцарияның Цюрих қаласында өткен ИИХФ-тың жыл сайынғы конгресінде қабылданды. Турнирді Финляндия мен Латвия бірлесіп өткізетін болды. Әлем чемпионатының матчтары 2030 жылдың 17 мамыры мен 2 маусымы аралығында Хельсинки мен Рига қалаларында өтеді.

Жартылай финалдар, қола жүлде үшін матч және финал Финляндия астанасы Хельсинкиде ұйымдастырылады.

Рига бұған дейін әлем чемпионатын 2006, 2021 және 2023 жылдары қабылдаған. Соңғы турнир Финляндияның Тампере қаласымен бірге өткізілген болатын. Ал Хельсинки әлем чемпионатын 1974, 1982, 1991, 1997, 2003, 2012, 2013 және 2022 жылдары қабылдады.

Сонымен қатар алдағы әлем чемпионаттарының өтетін орындары да белгілі. 2027 жылғы турнир Германияның Дюссельдорф және Манхейм қалаларында, 2028 жылғы дода Францияның Париж және Лион қалаларында, ал 2029 жылғы әлем чемпионаты Словакияның Братислава мен Кошице қалаларында өтеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
12 Окт - 15:20 Хоккей
Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатына қатысатын құрамын жариялады
12 Окт - 14:00 Хоккей
Кузнецовтың агенті хоккейшінің «Тракторға» оралу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді
12 Окт - 13:20 Хоккей
Александр Овечкин тарихи жетістікке жетіп, Гретцки рекордына жақындай түсті
09 Окт - 12:05 Хоккей
«Барыс» ҚХЛ-дегі үй сериясында кемінде төрт ұпай жинауы мүмкін
08 Окт - 14:30 Хоккей
Борис Михайлов Андрей Разиннің «Металлургтен» шеттетілуіне пікір білдірді
21 Сен - 08:30 Хоккей
Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы екінші матчында жеңіліп қалды
20 Авг - 16:25 Хоккей
«Барыс» Башқұртстан Республикасы кубогін жеңіспен аяқтады
06 Июл - 13:31 Хоккей
Қазақстандық хоккейші мансабын Канадада жалғастырады
22 Июн - 18:04 Хоккей
«Барыс» Қазақстан құрамасының шабуылшысымен келісімшарт жасасты
14 Июн - 15:36 Хоккей
Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Барыспен» жаңа келісімшартқа қол қойды