1000 голды көздеген Роналду «Әл-Насрмен» жаңа келісімге келді

Криштиану Роналду

Криштиану Роналду. Фото: Al Nassr FC via Getty Images

Португалиялық жұлдыз Криштиану Роналду «Әл-Наср» клубымен жаңа екі жылдық келісімшартқа қол қоюға келісті. Financial Times басылымының мәліметінше, шабуылшы жылына 200 миллион еуро табыс табады. Жалпы сомасы — 400 миллион еуро. Осылайша, ол әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшы атанбақ.

Жаңа келісім бойынша Роналду клубтың аздаған үлесіне де ие болады. Сондай-ақ ол команда құрылымын дамытуға белсенді атсалысуда. Соның бір дәлелі — «Астон Вилладан» келген колумбиялық шабуылшы Джон Дуранның трансфері.

Криштиануның басты мақсаты — кәсіби мансабындағы 1000 голды еңсеру. Қазірдің өзінде оның есебінде 933 гол бар, ал биылғы маусымда 32 мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеген. Екі жылда бұл межеге жетуге толық мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, Роналду «Әл-Наср» сапына 2023 жылдың қаңтарында еркін агент ретінде қосылған болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Мар - 18:31 Футбол
Гвардиола Англияда екі матчқа шеттетілді
08 Мар - 12:54 Футбол
Самородов CIES нұсқасы бойынша Қазақстанның ең қымбат футболшысы атанды
08 Мар - 00:34 Футбол
ҚПЛ-2026 маусымы басталды: алғашқы ойын күнінде 12 гол соғылды
07 Мар - 20:21 Футбол
Луиш Нани «Ақтөбе» сапында Қазақстан чемпионатында дебют жасап, нәтижелі пас берді
07 Мар - 11:34 Футбол
«Реал» Юрген Клоппты болашақ бас бапкер ретінде қарастыруы мүмкін
07 Мар - 10:11 Футбол
«Интер Майами» иесі Лионель Мессидің жылдық жалақысын атады
07 Мар - 08:46 Футбол
«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Картахенаға» жол берді
06 Мар - 22:37 Футбол
«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Этуальға» жол берді
06 Мар - 11:20 Футбол
Алматыда футбол матчтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа үлгісі айқындалды
06 Мар - 09:45 Футбол
Павлодарда «Ертіс» клубына арналған жаңа стадион салу жоспарланып отыр