Әбілхайыр Шегалиев келесі жекпе-жегін Қазанда өткізеді

Абилхайыр Шегалиев

Фото: Boxen1.com

Кәсіби боксшы, қазақстандық Әбілхайыр Шегалиев (9-2-1, 4 КО) 29 тамызда Қазан қаласында рингке оралады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Оның қарсыласы – ресейлік Ибрагим Эстемиров (4-1, 3 КО). Кездесу екінші орта салмақ дәрежесінде өтеді және алты раундқа жоспарланған.

Шегалиев соңғы жекпе-жегін 1 наурызда Австралияның Брисбен қаласында өткізіп, жергілікті боксшы Джек Боуэнге (12-1, 9 КО) төрешілер шешімімен ұтылған.

Эстемировтың да соңғы кездесуі сәтсіз аяқталды: ол 2024 жылғы 25 қазанда Мәскеуде танзаниялық Абдул Убайяға (9-4, 5 КО) нокаутпен есе жіберді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Дек - 09:11 Бокс
Дубайдағы ӘЧ-2025: Қазақстан құрамасының медальдары үлкен сыйақымен толықты
13 Дек - 23:22 Бокс
Қазақстан құрамасы бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатын алты медальмен аяқтады
13 Дек - 21:11 Бокс
Сабыржан Аққалықов Дубайдағы IBA әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
13 Дек - 20:44 Бокс
Абылайхан Жүсіпов Дубайдағы IBA әлем чемпионатында Қазақстанға үшінші алтын медаль сыйлады
13 Дек - 19:58 Бокс
Оразбек Асылқұлов Дубайдағы IBA әлем чемпионатында Қазақстанға екінші алтын медаль сыйлады
13 Дек - 12:11 Бокс
Александр Ковригин Алматыда өтетін жекпе-жекке дайындалып жатыр
11 Дек - 23:11 Бокс
Қазақстан боксшысы әлем чемпионатының финалына шықты
11 Дек - 18:00 Бокс
Сәкен Бибосынов әлем чемпионатының финалына жолдама алды
09 Дек - 18:00 Бокс
Бибосынов Дубайдағы IBA әлем чемпионатында ширек финалға жолдама алды
09 Дек - 14:00 Бокс
Тайсон мен Мэйвезер наурызда жекпе-жек өткізуге келісті