WBO жанкүйерлерден Әлімханұлының қарсыласын таңдауды сұрады

Жанибек Алимханулы. Фото: Boxing News 24
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (17-0, 12 KO) арналған жазба жариялап, жанкүйерлерден оның келесі қарсыласын атауды өтінді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Ұйым әлеуметтік желідегі парақшасында бокс жанкүйерлерін «армандаған жекпе-жек» нұсқаларын пікірге жазуға шақырды.
Әлімханұлы соңғы кездесуін 5 сәуірде Астанада өткізіп, француз Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) бесінші раундта нокаутпен жеңіп, WBO және IBF белбеулерін қорғап қалды. Келесі жекпе-жектің күні әлі жарияланбады, алайда ол АҚШ-та дайындықты бастап кетті.