WBO Жәнібек Әлімханұлына арнап жазба жариялады

Жанибек Алимханулы

Жанибек Алимханулы. Фото: Getty Images

Орта салмақтағы WBO әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына арналған жазба ұйымның Instagram парақшасында жарық көрді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

«Қазақтан шыққан ерекше талант. Король Жәнібек», – делінген WBO жариялаған жазбада. Айта кетейік, Жәнібек WBO белбеуінен бөлек, IBF нұсқасы бойынша да әлем чемпионы атағын иеленіп отыр.

Оның соңғы жекпе-жегі сәуір айында Астанада өтті. Бұл кездесуде ол франциялық Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутпен жеңген еді. Келесі жекпе-жегін ол күзде өткізеді деп күтілуде. Қарсыласы әзірге белгісіз.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру