Данияр Елеусінов жаңа лигада жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді

Данияр Елеусинов

Данияр Елеусинов. Фото: yeleussinovdaniyar/Instagram

Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен жекпе-жегінен кейін алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Боксшының айтуынша, бұл кездесу – алда іске қосылатын жаңа кәсіби «ZUFFA» лигасына дайындықтың бір бөлігі. «Рингтен тыс қалмас үшін жекпе-жек өткізуді ұйғардық. Қарсылас кім болса да, дайындық әрқашан маңызды», – деді ол.

Елеусінов қазіргі уақытта америкалық тәжірибелі бапкер Томас Янкеллоның қол астында жаттығып жүр. Егер бәрі ойдағыдай болса, қыркүйекте қайта рингке шығуды жоспарлап отыр. Ал келесі жылдың қаңтарында басталатын «ZUFFA» лигасында тек таңдаулы спортшылар жұдырықтасады.

Өткен демалыс күндері Данияр Елеусінов (13-0, 8 КО) филиппиндік Джеймс Бэконды (26-5, 17 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Сол кеште ауыр салмақтағы жерлесіміз Иван Дычко да жеңіске жетіп, америкалық Сэмюэл Кроссданы алғашқы раундта нокаутқа жіберді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
09 Мар - 14:01 Бокс
Қазақстандық боксшы WBC рейтингінде бірінші орнын сақтап қалды
09 Мар - 09:31 Бокс
Әлімханұлы ықтимал біріктіру жекпе-жегіне дайындықты бастады
07 Мар - 16:00 Бокс
Сұлтан Заурбек WBO рейтингінің үздік 15 боксшысы қатарынан шығып қалды
05 Мар - 13:00 Бокс
Тайсон мен Мэйвезер жекпе-жегінің жоспарланған күні өзгеруі мүмкін
28 Фев - 13:40 Бокс
Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев ESPN рейтингінің үздік ондығынан шықты
28 Фев - 10:29 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының ісі бойынша IBF шешімі жақын күндері жариялануы мүмкін
27 Фев - 20:11 Бокс
Алты қазақстандық бұрымды боксшы Странджа кубогының жартылай финалына өтті
27 Фев - 12:08 Бокс
Дензел Бентли Жәнібек Әлімханұлын уақытша титулдарынан айыру керек деп санайды
26 Фев - 12:16 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы екінші мәрте жазаланды
25 Фев - 20:00 Бокс
«Странджа» турнирінде қазақстандық бауырлар арасындағы жекпе-жек өтпеді