Мейвезер мен Пакьяо 10 жылдан кейін қайта кездесуі мүмкін

Мэнни Пакьяо

Мэнни Пакьяо. Фото: Getty Images

АҚШ пен Филиппин боксының аңызға айналған есімдері — Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо он жыл бұрынғы тарихи жекпе-жектен кейін тағы да рингте жолығуы мүмкін, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

BoxingScene журналисі Лэнг Пагмайрдың мәліметінше, қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл ақпаратты Лас-Вегастағы Мейвезерге тиесілі жаттығу залында растаған. Сонымен қатар, Флойд алдағы уақытта Пакьяоның жекпе-жегіне қатысады деген болжам айтылып отыр.

Еске салайық, қос боксшының алғашқы кездесуі 2015 жылы өткен болатын. Ол бокс тарихындағы ең табысты шоуға айналып, Мейвезер төрешілер шешімімен жеңіске жеткен. Қазір 46 жастағы Пакьяо қайта шаршы алаңға оралды. Ол 19 шілдеде WBC белбеуінің иегері Марио Барриоспен кездеседі. Бұл айқас оның Мейвезерге қарсы екінші рет шығуына жол ашуы мүмкін.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
18 Сен - 12:05 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов пен Хесус Рамос титулдық жекпе-жек алдында соңғы көзқарас дуэлін өткізді
17 Сен - 12:05 Бокс
Геннадий Головкин бокс бойынша Еуропа чемпионатына қатысу үшін Софияға барды
17 Сен - 10:45 Бокс ММА
Мейірім Нұрсұлтанов Хесус Рамоспен жекпе-жектен кейінгі мақсатын атады
17 Сен - 09:15 Бокс
Шираз бен Әлімханұлының титулдық жекпе-жектегі гонорары белгілі болды
16 Сен - 17:55 Бокс
Айдос Медет келесі жекпе-жегін 23 қазанда Хьюстонда өткізеді
14 Сен - 16:30 Бокс
Хамза Шираз операциядан кейін рингке оралатын уақытын айтты
14 Сен - 10:45 Бокс
Әлем чемпионы атағына екі рет таласқан Джордж Чувало 89 жасында қайтыс болды
11 Сен - 16:30 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз жекпе-жегінің тағдыры жаңа кезеңге өтті
28 Авг - 13:04 Бокс
Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін Астанада өткізеді
28 Авг - 11:15 Бокс
Әлімханұлы Шираз үшін ең қауіпті қарсылас болуы мүмкін: британдық боксшыны ауыр сынақ күтіп тұр