Иван Дычконың қарсыласы ауысты

Иван Дычко

Фото: Heavyweight Boxing

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычко (14-0, 13 КО) 19 шілде күні АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Вашингтон қаласында рингке оралады. Оның жаңа қарсыласы – америкалық Сэмюэл Кроссд (11-4-1, 7 КО), деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Бұған дейін Дычконың Скайлар Лейси (8-1-2, 6 КО) есімді боксшымен жұдырықтасатыны айтылған. Алайда BoxRec.com порталының жаңартылған мәліметіне сәйкес, жекпе-жектің жұбы өзгерді. Кездесу сегіз раундқа жоспарланған.

Иван Дычко соңғы рет былтыр тамыз айында АҚШ-тың Плант-Сити қаласында шаршы алаңға шыққан еді. Ол кезде отандасымыз Крейг Льюисті (15-8-1, 8 КО) нокаутпен жеңген болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру