Виктория Графеева бокстан елордада өтіп жатқан Әлем кубогының жеңімпазы атанды

Виктория Графеева

Фото: НОК РК

Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсететін боксшы Виктория Графеева Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды.

Спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетті.

Финалда Графеева бразилиялық Ребека Де Лима Сантосқа қарсы шаршы алаңға шықты.

Жекпе-жек тартысты өтті. Кездесудің соңында Виктория қарсыласын нокдаунға түсіріп, алтын медальді жеңіп алды.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру