Назым Қызайбай финалға жолдама алды

Назым Кызайбай

Назым Кызайбай

2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Назым Қызайбай Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің финалына өтті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Жартылай финалда ол жапониялық Хикару Шинохарамен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында Назым қарсыласынан бір бас жоғары көрініп, бастан-аяқ басымдық танытты.

Кездесу нәтижесі де соған сай болды — Қызайбай сенімді жеңіске жетіп, алтын үшін таласуға мүмкіндік алды.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалдық жекпе-жегі 6 шілдеге жоспарланған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру