Астанадағы бокс додасы: Богданова жартылай финалға өтті

Наталья Богданова

Фото: НОК РК

Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогы жалғасуда. Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасынан алғаш болып рингке Наталья Богданова шықты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда Богданова Бразилия өкілі Барбара Мария Дос Сантоспен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында басымдық қазақстандық спортшының жағында болды.

Үшінші раундта Богданова қарсыласын нокдаунға жіберіп, айқын жеңіске қол жеткізді. Осылайша, ол жартылай финалға жолдама алып, жарысты жалғастырады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру