Аида Әбікеева Астанадағы жарысты жеңіспен бастады

1751474393

Астанада World Boxing ұйымының қолдауымен өтіп жатқан бокстан Әлем кубогы кезеңі жалғасып жатыр. 2 шілде күні жарыс жолына шыққан қазақстандық Аида Әбікеева алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен әлем чемпионы 1/8 финалда Ұлыбритания спортшысы Дионе Бурманмен қолғап түйістірді. Бұл кездесуде Әбікеева айқын басымдық танытып, қарсыласын жолынан ығыстырды.

Осылайша, Аида жарыстың ширек финалына жолдама алып, енді медаль үшін таласты жалғастырады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру